🎶 Музыка-бұл өмір,  ал оны жасау мүмкіндігі – бұл орындау кезіндегі сезінуге болатын  қуаныш пен рахат.

Өздеріңіз білетіндей, мектепте 3 күн бойы Жәния Яхияқызы мен оның әріптестері-Зарина Алтынбаева @zarina_altynbayeva, Татьяна Казмирук @tatyanakazmiruk, Максим Максимов @maximoff музыкалық шеберлік сабақтарын өткізді. Арнайы музыкалық цикл оқушыларына арналған сабақтар өтті. Біз сіздермен сол кездесуден шағын Фото есебімен бөліскіміз келеді, олардың қалай өткені туралы айтқымыз келеді. 📸

Өз ісінің шеберлері, танымал музыканттар оқушылармен және олардың ата-аналарымен, мектеп ұстаздарымен өздерінің тәжірибесінде қолданып жүрген психологиялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Оқушылар сахнаға шығып,  қойылған түрлі міндеттерді шешуге тырысты

Олар музыкалық интонация мен эмоцияның байланысын анықтап, оны дене қимылымен білдіруге тырысты, дұрыс дем алуды, билеуді үйренді, Олар бір шығарманың сипатын әр түрлі етіп өзгертті. 💙