Бүгінгі таңда музыкалық білім беру саласында оқытудың жаңа түрін іздеуге көп көңіл бөлініп жүр. Олар әдетте ерекше педагогтар мен музыканттардан бастау алады. Олардың әрқайсысы өз саласындағы жаңалықтарды паш етудің танымал форматы – шеберлік сыныбына көбірек жүгінеді.

2023 жылғы 16 және 17 ақпанда біздің мектептің оқушылары, ұстаздары мен қонақтары жарқын мәдени іс-шара – концерт пианисі, суырып салма композитор – Николай Мищенконың шеберлік сыныбына куә болды!

Николай – танымал Berklee College of Music (Бостон, АҚШ) музыка колледжінің түлегі әрі оқытушысы. Жас өзі дарынды, мінезі ашық музыкант екі күн бойы суырып салу өнері жайлы әсерлі әңгімелеп, оған қалай дағдылану керектігіне баулыды. Николай әсіресе орындаушының шығармашылық еркіндігіне және классикалық музыканттардың көпшілігінде қалыптасып қалған академиялық шеңберден шығуға аса көңіл бөлді.

Қатысушылардың әрқайсысы Николаймен еркін форматта әуендерді суырып салып, шамасынша шарықтатып, қалыпты күйден шығып, нотасыз ойнауларына мүмкіндік ала алды!
Шеберлік сыныбында жас музыканттардың қызығушылығының оянғаны сонша, жүздері балбұл жайнап, сан сұраққа толы көздерінің жарқылы да байқалып жатты.

Сахна мен музыкадағы еркіндік- өзінің ойлау еркіндігіңнен бастау алады.