Қадірменді біздің ұстаздар, оқушылар,  ата-ана, ата-әжелер, достар және үлкен отбасымыздың қонақтары!

Сіздерді келіп жеткен 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көп жылдан бері мен ұстаздарымыздың  ерен еңбегін, олардың бойындағы шыдамдылық  пен мейірімділікті,  істеріне деген  адалдықты ерекше жан тебіреніспен мақтан етіп айтып келем!

Жылдағы дәстүр бойынша баршаңызға зор денсаулық, жаңа оқу және күнтізбелік жылға көтеріңкі  көңіл-күй, ақылды әрі зейінді   оқушылар, педагогикалық ынтымағы мықты, ұйымшыл орта болсын деп тілек білдіремін! Жұмыла  көтерген жүк -жеңіл!

Құрметті ата-аналар, сіздерге әрқашан  сәттілік серік болсын, еңбектеріңіз жанып, жемісін жеңіздер!

Құрметпен,

Жәния Әубәкірова