Мектебімізге қабылдау
тестілеу нәтижесі бойынша
конкурс негізінде жүзеге асырылады

Оқуға тапсыру кезеңдері

Мектеп бойынша экскурсия

Экскурсияда біз таныстыруды өткіземіз, оқыту процесі туралы айтып береміз, мұғалімдермен(1-сынып) таныстырамыз және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап береміз

Түсу тестілеуі

Тестілеу конкурстық негізде өтеді.
Біз үшін оқушының отбасына біздің атмосферамызды сезіндіру және қоғамның бір бөлігі болуы өте маңызды.

Оқуға қабылдау

Алдыңғы кезеңдерден табысты өткеннен кейін біз сізді шарт жасасуға және ақы төлеуге шақырамыз. Сіздерді біздің мектепте асыға күтеміз!

Қажетті құжаттар

Оқуға тапсыру іс-шаралары

  • 1-сыныпқа түсу үшін телефон арқылы алдын ала жазылып, әңгімелесуден өту керек.
  • 2-11-сыныптарда «Қазақ тілі» «Ағылшын тілі» және «математика» пәндері бойынша, оқу орыс тілінде өтетін сыныптарда «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» және «математика» пәндерінен тестілеуден өту қажет.
  • Тестілеуден өткеннен кейін келісімге қол қойылып, оқудың бірінші айына алдын ала төлем жасалады.

Мектепке түсу үшін қажетті құжаттар

  1. Бұрынғы мектептен шығу талоны
  2. Өткен жылдардағы үлгерім туралы құжаттар (түпнұсқа есеп карточкалары; ағымдағы бағалар)
  3. Негізгі мектепті бітіргені туралы аттестат (10-11 сыныптарға үміткерлер)
  4. Баланың туу туралы куәлігі (көшірме)
  5. Баланың фотосуреті (3х4 – 2дана)
  6. Медициналық құжаттар (денсаулығы туралы төлқұжат (түпнұсқа) және егу картасы ф-№63, ф-№26)
  7. Ата-ананың жеке куәліктері (көшірмелері)
  8. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама (жарамдылық мерзімі – алынған күннен бастап бір ай)
  9. Баланың атына мекенжай анықтамасы

Мектептегі оқу кестесі

Оқу күні 08.30-дан 17.30-ға дейін созылады, бірақ кейбір қосымша бөлімдер 19.00-ге дейін жалғасуы мүмкін. Оқушыларды мектепке таңғы 8.00-ден бастап әкелуге болады.

Мектеп формасы

Әр оқушы жеке тұлға, ал оның киімі - сипатын ерекше көрсетеді , сондықтан мектеп оқушылары киімді еркін таңдауға құқылы.  

Жеткізу. Мектеп автобусы.

5 шағын автобус. Ата-аналар жүргізушілерді бұрыннан  біледі және балаларын  сеніп тапсырады. Жеткізу бөлек төленеді. Құны айына 40 000 теңге.

Оқу жылы үшін оқу құны:
3 000 000 теңге

Оқу ақысына кіреді:

МЖМБС бойынша жалпы білім беру бағдарламасы (1-11 сынып)

Дамытушы үйірмелердің кең таңдауымен қосымша білім беру (шахматтан робототехникаға дейін)

Музыкалық білім (жалпы цикл)

Психологты, балалар дәрігерін, логопедті және басқа да көптеген мамандардың кәсіби қолдауы, 4-реттік теңестірілген тамақтандыру

Қосымша төлем:
Базалық музыкалық циклға оқытудың негізгі құнынан бөлек - жылына 200 000 теңге төленеді.
Арнайы музыкалық циклға оқытудың негізгі құнынан бөлек - жылына 400 000 теңге төленеді.

Мектеп автобусымен тасымалдау - 40 000 теңге
Эстрадалық вокал немесе таңдалатын қосымша аспап (гитара, ұрмалы аспаптар, саксофон, домбыра, фортепиано) - 6 000 теңге / сабақ
Қосымша төлем