🚀Жәния Әубәкірованың авторлық мектебі 1,2 миллионнан астам жазылушысы бар Millimone YouTube арнасын сатып алды!
🌍Австрия, АҚШ, Австралия және Ұлыбритания сияқты елдерді қамтитын арна енді студенттеріміздің шығармашылық дағдыларын дамыту мен цифрлы болашаққа сенімді түрде қадам басу үшін бірегей білім беру алаңына айналмақ.
Мектептің көркемдік жетекшісі, ҚР Халық әртісі — Жәния Яхияқызы Әубәкірованің айтуынша, мектеп ұжымы мен мұғалімдері әрдайым әр оқушының жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына жағдай жасауға тырысып жүр. Бұл жаңашылдық жаңа цифрлық технологиялар қарыштап дамыған осы кезде өте қажет, өзекті болып тұр.
Мектептің көшбасшысы — Алмас Ғалымұлы Сапарғалиев Millimone-ды сатып алу оқушыларымыздың оқуы мен өз-өзін қалыптастыруы үшін жаңа, көкжиегі кең мүмкіндіктер беретініне кәміл сенеді.
Сондай-ақ, жақында біздің мектепте «Онлайн кәсіптер факультеті» іске қосылмақ. Онда балалар YouTube, TikTok және Instagram-мен жұмыс істеуді үйренеді.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыздар!